SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында 1500 теңге қарыз туралы даулы жағдай соңы ауыр жарақатқа әкеп соққан.
Оқиға 2025 жылғы тамыз айында орын алған. Сот материалдары бойынша, Б. есімді азамат танысы К.-ны кездестіріп, 1500 теңге қарызын еске салған. Алайда әңгіме тез жанжалға ұласқан.
Сот шешімі бойынша, зардап шеккен К. Б.-ны мойнынан ұстап қысқан. Екі тарап арасындағы ұрыста Б. бірнеше соққы жасап, нәтижесінде К.-ның төрт қабырғасы сынған.
“Б.-ның кінәсі тараптардың куәліктерімен, медициналық қорытындылармен және іс материалдарымен расталды. Кінәлі екенін мойындап, қатаң жаза қолданбауды сұрады. Зардап шеккен Б.-ны кешіріп, соттан босатуды өтінді. Сот мойындауды және Б.-ның жағымды сипаттамасын жеңілдетуші жағдай деп есептеді. Қатаңдатушы жағдайлар анықталған жоқ”, – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот Б.-ны ҚК-нің 106-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанымен, 63-бапқа сәйкес жазасы шартты түрде орындалатыны айтылды.
RUS