Қазақстан ғылымы жаһандық рейтингте Орталық Азия бойынша көш бастады

18.02.2026, 15:28
139
Қазақстан ғылымы жаһандық рейтингте Орталық Азия бойынша көш бастады scimagoir.com

Қазақстан ғылыми белсенділік бойынша SCImago жаһандық рейтингінде Орталық Азияның көшбасшысы атанды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан SCImago Research Group (SCImago Country Rank) халықаралық ғылыми белсенділік рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынды иеленіп, ғылым саласындағы жетекші позициясын тағы бір мәрте дәлелдеді. 

Бақылаудың барлық кезеңі бойынша (1996-2024 жылдар) жинақталған деректерге сәйкес республика әлемдік рейтингте 69-орынға орналасып, өңірдегі өзге мемлекеттерден айтарлықтай озық тұр. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 64-орынға көтеріліп, ұлттық ғылымның тұрақты дамуы мен жарияланымдық белсенділіктің артқанын көрсетті.

Қазақстанның SCImago рейтингіндегі көшбасшылығы жүйелі әрі прецеденттік сипатқа ие. Орталық Азия елдерімен арадағы алшақтық ондаған, тіпті жүзден астам орынды құрайды:

Өзбекстан – 83-орында,

Қырғызстан – 130-орында,

Тәжікстан – 147-орында,

Түрікменстан – 191-орында тұр. 

Бұл көрсеткіштер ғылымды қаржыландыру деңгейіндегі, зерттеу инфрақұрылымының дамуындағы, кадрлық әлеуеттегі, халықаралық ғылыми ықпалдастық дәрежесіндегі және ғылыми жарияланымдар сапасындағы айырмашылықтарды айқын көрсетеді.

Қол жеткізілген нәтижелер – ғылым және жоғары білім саласындағы дәйекті мемлекеттік саясаттың жемісі. ҚР «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңын іске асыру аясында өңірлік инновациялық жүйелерді дамытуға, академиялық және зерттеушілік артықшылық орталықтарын қалыптастыруға, бизнестің қатысуымен ғылыми зерттеулерді бірлесіп қаржыландыру тетіктерін енгізуге, сондай-ақ жас ғалымдарды жүйелі түрде қолдауға басымдық беріледі. Сонымен қатар қазақстандық ғылыми ұйымдардың Horizon Europe секілді халықаралық бағдарламаларға қатысуын кеңейту маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек, бұл отандық ғылымның жаһандық зерттеу кеңістігіне ықпалдасуына мүмкіндік береді.

SCImago Research Group халықаралық ғылыми белсенділік рейтингі әлем елдерінің ғылыми және зерттеушілік әлеуетін бағалаудың ең беделді құралдарының бірі саналады. Рейтинг Elsevier компаниясына тиесілі Scopus халықаралық библиометриялық дерекқорының мәліметтері негізінде қалыптастырылады және университеттер, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтардың қызметін тұтастай қамтиды. Рейтинг әдіснамасы халықаралық рецензияланатын журналдардағы ғылыми жарияланымдар санын, олардың дәйексөз алу деңгейін, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, зерттеулер сапасын, сондай-ақ ғылымның инновациялық және технологиялық дамуға қосқан үлесін ескереді.

Қазақстанның SCImago рейтингіндегі позициясының нығаюы жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, елдің Орталық Азиядағы ғылыми және зияткерлік көшбасшы ретіндегі халықаралық имиджін де күшейтеді. Білім мен технологиялар үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында бұл нәтиже – ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамытуға және ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосатын үлесін арттыру жолындағы маңызды стратегиялық бағдар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды