Танымал актриса Айжан Байзақова үшінші рет ана атанды
Айжан Байзақова жаңа туған қызымен фотосын жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал блогер әрі актриса Айжан Байзақова үшінші баласын дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, жаңа туған сәбиімен түскен фотосын бөлісті.
Айжанның айтуынша, сәби 15 ақпанда өмірге келген. Ол жазбасында үшінші перзентінің қыз бала екенін атап өтті.
«Отбасымызға қош келдің, қызым. Сені көптен бері армандадым. Әкеңді – Нұрбек Арыстан шын жүректен құттықтаймын. Босану қалай өткенін сәл кейінірек айтамын. Құттықтауларыңызға рақмет, уайымдағандарыңызды білемін», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жас ананы құттықтап, отбасына амандық пен бақыт тіледі.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор