293

Астанада балықшы шатырдан өздігінен шыға алмай, құтқарушыларды шақырған

Ер адам денсаулығына байланысты шатырдан шыға алмаған.

Астанада балықшы шатырдан өздігінен шыға алмай, құтқарушыларды шақырған
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, елордада мұз үстінде балық аулап отырған ер адам өздігінен шатырдан шыға алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиғаға қалалық Астана қаласының ТЖД жедел әрекет етті.

Ресми мәліметке сәйкес, өзен үстіндегі балықшылар шатырының ішінде 1966 жылы туған азамат болған. Денсаулығы күрт нашарлап, аяқ-қолының тартылуына байланысты ол шатырдан өз бетімен шыға алмаған.

Құтқарушылар мен полиция жеткенге дейін маңайда жүрген адамдар ер адамды шатырдан шығарып, қауіпсіз жерге алып шыққан.

Алғашқы тексеру кезінде оның аяқ-қолында құрысу белгілері байқалған. Құтқарушылар жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жағдайы тұрақтандырылған соң азамат жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Қазіргі уақытта ер адам дәрігерлердің бақылауында.

Материал авторы