Ақтөбе облысында 23 жастағы мұғалім көз жұмды
Жас педагогтың қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысы аумағында 23 жастағы жас мұғалімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Темір ауданы аумағында болған. Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Полиция дерегінше, марқұм Темір аудандық полиция бөлімі жүргізіп жатқан тексеріс аясында оқиғаның барлық нұсқасы қаралып жатыр. Тергеу органдары қайғылы жағдайдың нақты себептерін әзірге жариялаған жоқ.
Белгілі болғандай, жас педагог Еңбекші мектебінде тарих пәнінен сабақ берген. Аталған білім ошағы Алтықарасу ауылдық округі аумағында орналасқан.
Әріптестері марқұмды жауапты әрі білікті маман ретінде сипаттайды. Айтуларынша, небәрі бірнеше күн бұрын ол ашық сабақ өткізген.
Полиция қылмыстық істің қорытындысы бойынша барлық мән-жайға құқықтық баға берілетінін хабарлады.
Материал авторы