Қарасай ауданында әйелге иттер тобы шабуыл жасап, талап тастады (ВИДЕО)
Полиция 60 жастағы ит иесін анықтады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысы аумағында әйел адамға иттер тобы шабуыл жасады.
Оқиға Қарасай ауданы аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп, зардап шеккен азаматшаға медициналық көмек көрсетілгенін хабарлады.
Алматы облысы полиция департаменті мәліметінше, 52 жастағы әйелге иттердің шабуыл жасауы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмыс істеген.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында иттердің иесі анықталғанын мәлімдеді. Ол — 60 жастағы азамат. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін заң аясында жауапкершілікке тартылған.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталуда.
Материал авторы