388

Петропавлда аниматор болып жұмыс істеген жігіт көз жұмды

Жігіт өзіне қол жұмсаған уақытта үйінде анасы да болған.

Петропавлда аниматор болып жұмыс істеген жігіт көз жұмды
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл қаласында 21 жастағы жігіттің өліміне байланысты қылмыстық тергеу басталды.

Оқиға 18 ақпанда тіркелген. Қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Алдын ала нұсқалардың бірі – өзіне қол жұмсау болуы мүмкін деген болжам. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті хабарлады.

Полиция мәліметінше, марқұм оқиға болған сәтте үйде болған, пәтерде анасы да болған. Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Бейресми дерекке сүйенсек, тергеу аясында жеке өміріндегі жанжал нұсқасы да қарастырылуда. Алайда түпкілікті қорытынды тергеу амалдары аяқталғаннан кейін ғана жарияланбақ.

Таныстарының айтуынша, жігіт қаладағы сауда үйлерінің біріндегі кинотеатрда аниматор болып жұмыс істеген.

Материал авторы