259

Таразда аялдамада тұрған 13 жасар қызды алып қашпақ болғандар қамауға алынды

Қызды құтқарып қалған ер адам марапатталды.

Таразда аялдамада тұрған 13 жасар қызды алып қашпақ болғандар қамауға алынды
бейнежазбадан

Тараз қаласында 13 жастағы қызды ұрлауға оқталған екі күдікті қамауға алынды.

Тергеу соты қылмыстық іс материалдарын қарап, күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауға санкция берді. Бұл туралы Тараз қаласының мамандандырылған тергеу соты хабарлады.

Бұған дейін әлеуметтік желіде аялдама маңында белгісіз адамдардың жасөспірім қызды көлікке күштеп отырғызуға тырысқан сәті түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кадрларда ер адамдар баланы алып кетпек болғаны байқалады. Сол сәтте аялдамада тұрған бейтаныс ер адам араласып, күдіктілер оқиға орнынан кетіп қалған.

Кейін полиция күдіктілерді ұстағанын мәлімдеді.

Қыз баланы құтқарып қалған азамат – Нұркен Омаров. Ол ерлігі үшін Жамбыл облысының полиция департаменті тарапынан марапатталған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор