225

Дубайда Елена Рыбакинаға қамзол кигізді (ВИДЕО)

Теннисші сыйлықты қуана қабылдаған бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең тарады.

Дубайда Елена Рыбакинаға қамзол кигізді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Дубайда өтіп жатқан турнир кезінде қазақстандық жанкүйер теннис жұлдызы Елена Рыбакина-ға ұлттық қамзол сыйлады. Спортшының сыйлыққа берген шынайы әсері видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде тарады.

Қамзолды табыстаған – қазақстандық Дінмұхаммед Сыздықов. Ол бұған дейін де спорт пен шоу-бизнес өкілдеріне қазақы киім сыйлап, жұрт назарына іліккен.

Бейнежазбада Рыбакинаның жанкүйерлерге қолтаңба беріп тұрған сәті көрінеді. Сол кезде Сыздықов оған арнайы дайындаған сыйлығы бар екенін айтып, қамзолды ұсынады. Теннисші сыйлықты жылы қабылдап, алғысын білдірген.

Кейін спортшы қамзолды киіп көруге бола ма деп сұрады.

«Керемет! Үлкен рақмет!» – деді ол күлімсіреп.

Еске сала кетсек, өткен жылдың тамыз айында Дінмұхаммед Сыздықов қазақтың қамзолын әйгілі әнші Дженнифер Лопес-ке де сыйлаған еді.

Материал авторы