Ауылдарды интернетпен қамтуға арналған сайт іске қосылады

25.04.2023, 15:10
788
Ауылдарды интернетпен қамтуға арналған сайт іске қосылады smartnews.kz

Енді елімізде әр елді мекенді интернетпен қамту бойынша ақпарат әзірленіп, ол арнайы сайтқа жүктеледі. Сол арқылы ауылдарды интернетпен қамту жағдайымен танысу мүмкіндігі туады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының мақсаты – халық пен бизнесті оптика арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету. Жобада негізгі көрсеткіштер де ұсынылған. Ол көрсеткіштерге қол жеткізу үшін облыс әкімдіктерімен әр елді мекен бойынша нақты жоспар жасақталып жатыр. Бүгінде ШҚО, Ақтөбе облысы бойынша жол карталары әзірленді. Осылайша, әр елді мекенді интернетке қосу бойынша ақпарат дайындалып, ол арнайы сайтқа жүктеледі. Арнайы сайт биыл маусымда іске қосылады», -деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр байланыс сапасын жақсарту мақсатында басты нормалар әзірленгенін айтты.

«Байланыс операторларына оптикалық желілер және ұялы байланыс жабдықтарын орналастыру үшін жылжымайтын мүлік объектілеріне (көппәтерлі тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, бизнес-орталықтары, өнеркәсіптер, тағы сол сияқты) тең қолжетімділік ұсынылмақ. Оның нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлерде бірнеше байланыс операторына қосылу мүмкіндігі болады. Республикалық және жергілікті автожолдарды жоспарлау және жөндеу кезінде оптикалық желілер салу қарастырылады. Ол автожол бойын сапалы байланыспен қамтуға мүмкіндік береді», - дейді ведомство басшысы.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады