Байкалда туристер мінген көлік мұз астына кетіп, адамдар қаза тапты
Оқиғаға байланысты қауіпсіздік талаптарын бұзу және салғырттық дерегімен қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Иркутск облысындағы Байкал көлі үстімен жүрген туристер мінген көлік мұз астына түсіп кетті. Оқиға салдарынан қаза болғандар бар.
Ресейдің Ресей Федерациясының Тергеу комитеті таратқан мәліметке сәйкес, 20 ақпан күні күндіз Байкал көлінің Хобой мүйісі маңында 9 адам отырған УАЗ маркалы автокөлік мұзды жарып, суға батып кеткен.
Алдын ала дерек бойынша, оқиға салдарынан бірнеше адам көз жұмған. Аталған факті бойынша Иркутск облысыбойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.
Іс «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу» және «салғырттық» баптары бойынша тіркелген.
Қазір оқиға орнында тергеушілер, полиция қызметкерлері және Ресей ТЖМ құтқару бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Іздеу-құтқару шаралары жүргізілуде.
Тергеу барысында қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталып, куәгерлер мен су айдынындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты құрылым өкілдерінен жауап алынуда.
Материал авторы