544

Павлодарда анасының мәйітімен бір үйде тұрған 6 жастағы қыз балалар үйіне жіберіледі

6 жасар қыз анасының өлімінен соң ата-әжесімен уақытша тұрған еді.

Павлодарда анасының мәйітімен бір үйде тұрған 6 жастағы қыз балалар үйіне жіберіледі
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында анасының мәйітімен бір үйде тұрған алты жасар қыз бала мемлекеттік мекемеге орналастырылады.

Оқиға Павлодар облысы аумағында тіркелген. Тергеу аясында сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша күдіктілер жоқ. Қария өз үйінде тұруын жалғастырып отыр.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақыт бойы анасы мен атасының мәйіттері жатқан үйде тұрған алты жасар қыз жақын күндері Екібастұз қаласындағы Үміт балаларды қолдау орталығы мекемесіне жіберіледі.

Дәрігерлер баланы толық тексеріп, оның жалпы денсаулығы жақсы екенін анықтаған. Қыз барлық қажетті екпелерін алған.

Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шакенева баланың қазіргі жағдайына қатысты пікір білдірді.

«Медициналық қорытындыларға сәйкес, баланың психоэмоционалдық, психологиялық және психикалық жағдайы қалыпты. Мемлекеттік мекемеге орналастырылғаннан кейін оған ресми қамқоршы тағайындалады. Бұл жағдайда қамқоршы – сол мекеменің басшысы болады», – деді өңірлік уәкіл.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор