357

Қарағандыда пәтерді терезеден кіріп тонаған қылмыстық топ ұсталды

Үш адам бір үйдің өзінен 20 млн теңгедей құнды заттарды қолды еткен.

Қарағандыда пәтерді терезеден кіріп тонаған қылмыстық топ ұсталды
ПД

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Арнайы операцияны өңірлік полицияның жедел қызметкерлері Арлан арнайы мақсаттағы бөлімшесі жауынгерлерінің қолдауымен өткізді.

Тергеу дерегіне сәйкес, күдіктілердің жасы 35 пен 39 аралығындағы үш ер адам. Олар алдын ала әзірленген жоспар бойынша әрекет еткен. Биыл жыл басында қаладағы Лобода көшесінде орналасқан пәтерге заңсыз кіріп, пластик терезені және темір торды бұзған.

Ұрланған мүліктердің қатарында гауһар тасты зергерлік бұйымдар, норка тон және ноутбук бар. Келтірілген жалпы шығын көлемі 20 миллион теңгеден асты.

Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі ұрлық фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысының полиция департаменті мәліметінше, қазіргі таңда кешенді жедел-іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың өңір аумағында жасалған өзге де ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Материал авторы