Қар, көктайғақ, тұман: 23 ақпанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

23.02.2026, 09:04
167
Қар, көктайғақ, тұман: 23 ақпанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды Даниил Зинченко/ИА «Вологда Регион»

Бүгін Қазақстанда бұрқасын мен дауылды жел күшейеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 23 ақпанда елдің басым бөлігінде қар, бұрқасын, тұман мен дауылды жел күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні небәрі бірнеше сағат ішінде 30 м/с-тен де асып кетуі мүмкін. Синоптиктер жолға шықпауға, алыс сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді.

Төменде 23 ақпанға арналған негізгі қауіпті метеожағдайлар жинақталып берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде қар мен бұрқасын.
Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан да жоғары.
Петропавл қаласында да қар мен бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысы

Қар, бұрқасын, көктайғақ. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты қар жауады.
Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман.
Жел 15–20 м/с.
Көкшетау қаласында да қар мен бұрқасын болады.

Павлодар облысы

Қар, бұрқасын, батысы мен оңтүстігінде қатты қар.
Жел 15–20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Павлодар қаласында да бұрқасын сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Қар, бұрқасын, солтүстігі мен шығысында күндіз қатты қар.
Жел 15–20 м/с, кей сәттерде 23 м/с.
Өскемен қаласында қар мен бұрқасын күтіледі.

Абай облысы

Қар, бұрқасын, оңтүстігінде көктайғақ.
Түнде және күндіз жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с-тен асады.
Семей қаласында да қар мен бұрқасын болады.

Қарағанды облысы

Түнде және күндіз қар, бұрқасын.
Солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде тұман.
Жел 15–20 м/с.
Қарағанды қаласында қар, бұрқасын және тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

Түнде қар, жаяу бұрқасын.
Солтүстігі, шығысы және орталығында тұман.
Жел 15–20 м/с.
Жезқазған қаласында да қар мен бұрқасын күтіледі.

Жетісу облысы

Шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман.
Алакөл маңында жел екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысы

Түнде және таңертең оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.
Жел 15–20 м/с.
Алматы және Қонаев қалаларында түнгі және таңғы тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

Кей уақыттарда тұман.
Таулы аудандарда жел 15–20 м/с.
Тараз қаласында да тұман болады.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең тұман.
Жел 15–20 м/с.

Қостанай облысы

Түнде қар мен бұрқасын.
Батысы, солтүстігі және шығысында тұман.
Жел 15–20 м/с.

Қызылорда облысы

Орталық бөлігінде тұман.
Жел 15–20 м/с.
Қызылорда қаласында да тұман күтіледі.

Түркістан облысы

Батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман.
Тау асуларында жел 15–20 м/с.
Шымкент және Түркістан қалаларында түнгі және таңғы тұман болады.

Батыс Қазақстан облысы

Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман.
Орал қаласында да тұман күтіледі.

Астана

Қар, бұрқасын, көктайғақ.
Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды