Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, турист қаза тапты (ВИДЕО)
Басқа да туристерді құтқару операциясында дрон қолданылған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін таңертең Медеу ауданы аумағындағы Титов асуы маңында, шамамен 3400 метр биіктікте, қар көшкіні жүріп, тауда жүрген екі туристік топтың төрт адамы қар астында қалған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, зардап шеккендердің біреуі өз күшімен қар астынан шығып үлгерген.
Оқиға орнына жедел түрде Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қарасты құтқарушылар, сондай-ақ Барыс РММ қызметкерлері, кинологиялық есептоп пен еріктілер тартылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.
Құтқару операциясының нәтижесінде қар астынан бір адамның мәйіті табылып, шығарылды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқару қызметінің психологтары жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Материал авторы