214

Шымкенттегі дендросаябақтан ер адамның мәйіті табылды

Полиция ер адамның өліміне қатысты тергеуді бастады.

Шымкенттегі дендросаябақтан ер адамның мәйіті табылды
South_Agency / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі дендросаябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды. Ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті растады.

Полицияның мәліметінше, ер адамның мәйіті 22 ақпан күні таңертең Асанбай Асқаров атындағы Шымкент дендрологиялық паркі аумағынан табылған. 

Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тергеу бастаған.

«Полицияға өз-өзіне қол жұмсау белгілері бар мәйіттің табылғаны жөнінде хабарлама түсті. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», – деп мәлімдеді ведомствода.

Аталған дендросаябақ – Шымкент қаласындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі.

Материал авторы