Шымкенттегі 95 миллион теңге жымқырды деген алаяқ Түркиядан әкелінді
Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркия аумағынан елге экстрадицияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мәлімдеді.
Ведомство дерегінше, күдіктіні елге қайтару операциясы Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросы қызметкерлерінің қатысуымен және Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігіқолдауымен жүзеге асқан.
Іздеуде жүрген азамат Анталья қаласында ұсталып, қазақстандық тараптың сұрауы бойынша елге тапсырылған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, 2019–2020 жылдары ол Шымкент қаласының төрт тұрғынын алдап, олардың ақшасы мен жер телімдерін заңсыз иемденген. Келтірілген жалпы шығын көлемі небәрі 95 миллион теңгеге жуық.
Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында елден шығып кеткен. Кейін халықаралық іздеуге жарияланған.
Қазір ол тергеу изоляторына қамалды.
Күдіктіге тағылып отырған қылмыстар үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Материал авторы