Қостанайда әйел адам кәмпит үшін 250 мың теңге өндіріп алды

23.02.2026, 11:52
211
Қостанайда әйел адам кәмпит үшін 250 мың теңге өндіріп алды ЖИ иллюстрациясы

Кәмпитке қатысты даулы іс сотта аяқталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай қалалық соты сапасыз кәмпитке байланысты тұтынушының талабын ішінара қанағаттандырып, әйел адамға 250 мың теңге моральдық өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Азаматтық істі Қостанай қалалық соты қараған.

Сот материалдарына сәйкес, талапкер былтыр қыркүйек айында Қостанай қаласындағы супермаркеттердің бірінен кәмпит сатып алған. Алайда келесі күні қаптаманы ашқанда, өнімнің ішінен зиянкес жәндіктерді байқаған.

Әйел адам уәкілетті органға жүгінгеннен кейін, кәмпиттің паразиттермен залалданғаны ресми түрде расталған.

Талапкер соттан моральдық зиян үшін 2 млн теңге өндіріп беруді сұраған. Ол сапасыз өнімнен кейін күйзеліс пен жиіркеніш сезімін бастан өткергенін, сондай-ақ балаларына жарамсыз тауар алып бергені үшін өзін кінәлі сезінгенін көрсеткен.

Жауапкер тарап – жауапкершілігі шектеулі серіктестік – сотта тауардың сапасыз болғанын мойындады. Алайда денсаулыққа зиян келтірілгені дәлелденбегенін алға тартып, өтемақы мөлшерімен келіспейтінін мәлімдеді. Компания өз еркімен 200 мың теңге төлеуге дайын екенін жеткізген.

Сот тауардың сапасыз сатылғаны даусыз екенін, бұл дерек жауапкер тарапынан да теріске шығарылмағанын атап өтті.

Сонымен бірге денсаулыққа нақты зиян келмегенін, сатушы тарапынан кешірім сұралғанын және келтірілген шығынның ерікті түрде өтелгенін ескере отырып, сот моральдық өтемақы көлемін 2 млн теңгеден 250 мың теңгеге дейін қысқартты.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды