497

«Қызымды ешқашан тастамаймын»: Еркеш Хасен отбасын тастап кетті дегендерге жауап берді

Танымал әнші не үшін ажырасқанын айтып берді.

«Қызымды ешқашан тастамаймын»: Еркеш Хасен отбасын тастап кетті дегендерге жауап берді
instagram.com/erkesh.khasen

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жыл басында әйелінің көзіне шөп салып, қызына қамқорлық жасамады деп айыпталған әнші өзінің позициясын жариялады. Өнер иесі көпшілік тарапынан тарап кеткен жалалардың орынды еместігін, алайда қызына қатысты өсек тарай бастаған соң пікір білдіруге мәжбүр болғанын айтты.

Еркеш Хасен қызын ешқашан тастамағанын және ешқашан тастамайтынын ерекше атап өтті.

«Қанша уақыттан бері елдің өтірік айтқан жалаларын жұтып келдім. Бірақ бұл сасық әңгімеге кінәсіз баламды араластырғандарыңыз үшін жазып отырмын. Бір айтарым, мен қызымды ешқашан тастаған емеспін, тастамаймын да! Соңғы демім қалғанша қызыма қамқор боламын. Мен камераның алдына барып, отбасыма қатысы жоқ адамға отбасым жайлы айтып отырмаймын. Менің қызымды да, қызыма деген махаббаттан туған әнімде де ешкім тартып ала алмайды», – деді әнші.

Сондай-ақ ол ажырасқаны туралы сыбысты растап, бұл мәселеге қатысты мүлде сұхбат бермейтінін жеткізді:

«Ешкім ажарасамын деп үйленбейді. “Ұлың болса, ұрыға күлме” дейді. Сіздер үйреніп қалған сценарийге сүйенсек, мен бір журналиспен отырып, осыны талқылау керек екенмін. Кешіріңіздер, мен талай жақсы күндерді бірге өткізген адамды елдің алдында әңгіме қылып отырмаймын. Екеуміз арамызда болған нәрсе, әуелі Алла сосын тек екеумізге мәлім. Осымен әңгімені доғарайық!»

Айта кетейік, бұған дейін әнші Еркеш Хасен некеде бола тұра белгілі актрисамен көңіл қосты деп айыпталғаны хабарланған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор