376

Асхат Садырбайдың үстінен екінші әйелінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Айғаным Болатқызы бұрынғы күйеуінің зәбірін айтып, қайта арызданды.

Асхат Садырбайдың үстінен екінші әйелінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында журналист Асхат Садырбайға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Іс бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызының арызы негізінде ашылған.

Айғаным Болатқызы Асхат Садырбайдан жәбір көргенін, соққыға жығылғанын айтып, заң органдарынан көмек сұраған. Бұрын журналист бұл шағымдарды жалған деп атаған, тіпті сотта жеңген. Дегенмен экс-әйелі жарақаттарын көрсете отырып, қайтадан арыз берген.

Астана қалалық ПД Есіл аудандық полиция басқармасы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын растады. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы ҚК 110-бабы, 2-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қозғалған. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабы бойынша тергеу деректері жария етілмейді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор