Батыс Қазақстанда ықпалды шенеунік кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді
Күдікті ер адам босатылған соң қыздың әкесі дабыл қақты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы аумағында кәмелетке толмаған қызға қатысты жыныстық зорлық жасалды деген күдікпен ықпалды лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда күдікті әлі қамауға алынбаған.
Шыңғырлау аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-1-бөлігінің 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастағанын растады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұлтартпау шарасын таңдау тергеу амалдарының кешені аяқталғаннан кейін шешіледі.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, оқиға 2 қаңтар күні болған. 58 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды алдап өз үйіне апарып, оған зорлық көрсеткен деп күдікке ілінген. Арыз түскеннен кейін күдікті ұсталған.
Алайда жәбірленушінің әкесінің сөзінше, ер адам кінәсін мойындағанына және қыз оны танығанына қарамастан, көп ұзамай босатылған.
Оның айтуынша, осыдан кейін күдікті тарапынан өзіне қоқан-лоқы жасала бастаған. Сондай-ақ, әкесі істің баяу тергеліп жатқанын айтып, тергеудің әділ өтуіне алаңдайтынын жеткізген.
Материал авторы