Атышулы Мейвезер мен Пакьяо жекпе-жегі қайта өтеді
Аңызға айналған боксшылар 11 жылдан кейін реваншқа шығады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяо қыркүйек айында екінші рет шаршы алаңға шығып, реванш жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы The Ring басылымы хабарлады.
Жекпе-жек 19 қыркүйекте Лас-Вегастағы The Sphere аренасында өтеді.
Флойд Мейвезердің рекорды – 50 жеңіс, 0 жеңіліс (27 нокаут), ал Мэнни Пакьяо – 62 жеңіс, 8 жеңіліс, 3 тең ойын (39 нокаут).
Бұл кездесудің ерекше мәні – екі спортшының алғашқы кездесулерінен кейін 11 жылдан астам уақыт өткеннен кейін ұйымдастырылатын реванш болуы.
2015 жылдың мамырында өткен алғашқы жекпе-жекте Мейвезер жеңіске жеткен болатын.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші