360

Ресейде Павел Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ресей билігі Павел Дуровты террористік қызметке жәрдемдесті деп күдіктеніп отыр.

Ресейде Павел Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Giuseppe Cacace / AFP / Scanpix / LETA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Мәліметке сүйенсек, іс Ресей Қылмыстық кодексінің «террористік қызметке жәрдемдесу» бабымен тіркелген. Бұл туралы Российская газета мен Комсомольская правда басылымдары жазды.

Басылымдардың мәліметінше, Telegram әкімшілігі Роскомнадзор қойған талаптарды орындамаған. Атап айтқанда, платформадан заңсыз контентті жою бойынша нұсқаулар толық орындалмағаны айтылады.

Ресейлік БАҚ келтірген дерекке сәйкес, өшірілмеген материалдардың ішінде:

балаларға қатысты заңсыз контентке байланысты – 1369 арна, чат пен бот,

есірткі айналымына қатысты – 3771 ресурс,

суицид тақырыбындағы – 2666 материал,

кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекетке тартуға байланысты – 2124 дерек бар.

Сонымен қатар экстремизмге шақыратын және «қарсы тарапты қаржыландыруға» қатысты 10,5 мыңнан астам жарияланым жойылмағаны көрсетіледі.

Журналистер қол жеткізді делінген ФСБ мәліметіне сәйкес, 2022 жылдан бері мессенджер 153 мың қылмыстық іс материалында аталған. Оның небәрі емес, шамамен 33 мыңы диверсиялық-террористік және экстремистік сипаттағы істерге қатысты.

Аталған эпизодтардың қатарында Crocus City Hall ғимаратындағы теракт, сондай-ақ Дарья Дугина мен генерал Игорь Кирилловтің қазасына байланысты істер де аталады.

Ресей Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша айып тағылған жағдайда, сегіз жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор