Елімізде депутаттар Эпштейн файлына қатысы бар шенеуніктерді тексеруді талап етті
Мәсімов пен Келімбетовтің Эпштейнмен кездесулері қаралмақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары Джеффри Эпштейнге қатысты халықаралық жанжал аясында Қазақстандағы жоғары лауазымды тұлғалардың байланыстарын тексеруді талап етті. Хат ресми түрде Бас прокурор Берік Асылов пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Алдабергенұлына жолданған.
Депутаттар шетелдік БАҚ жариялаған деректерді негізге ала отырып, Қазақстанның кейбір бұрынғы премьер-министрлері мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің жетекшілерінің Эпштейнмен байланыстарына қатысты сұрақтарды көтерді. Олардың қатарында Кәрім Мәсімов және Қайрат Келімбетов бар.
Хатта атап көрсетілгендей, жарияланған құжаттарда жоғары лауазымды тұлғалар Эпштейнмен бірнеше рет кездесті, жеке сәлемдесу мен бірлескен шаралар талқыланды. Сонымен қатар құжаттарда Эпштейннің Қазақстанға бірнеше рет келуі көрсетілген, алайда барлық байланыстар толық көрсетілмеген болуы мүмкін.
Депутаттар келесі сұрақтарға құқықтық жауап беруді талап етті: Эпштейннің Қазақстанға келу мақсаты қандай? Жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулері заңдық тұрғыда санкцияланған ба? Ақпараттық қауіпсіздікке және мемлекеттік құпияға қауіп төнді ме?
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы парламент пен қоғамға тексерудің нәтижелері мен болашақта осындай жағдайларды болдырмау шаралары туралы хабарлауды сұрап отыр.
Материал авторы