Семей қаласындағы агроөнеркәсіптік инспекция таратылуы мүмкін

25.04.2023, 20:57
663
Семей қаласындағы агроөнеркәсіптік инспекция таратылуы мүмкін smartnews.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық инспекциясы таратылмақ, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер таратылсын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеге сай, инспекция Абай облысының құрылуына және аталған ведомствоның сол өңір құзыретіне берілуіне байланысты таратылмақ.

«Бөліну барысында Семей қалалық аумақтық инспекциясының бүкіл құрамы Абай ауданы бойынша облыстық аумақтық инспекцияға ауыстырылды. Осылайша, Семей қалалық аумақтық инспекциясын тарату мәселесі ашық күйінде қалды. Өйткені, Семей қалалық аумақтық инспекциясының жеке БСН-сы бар, соған байланысты декларациялар мен статистикалық есептерді тапсырады. Осыған байланысты «Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясын» тарату қажет», - деп түсіндірме берілген қаулыға.

Құжат 12 мамырға дейін көпшілік талқылауда болады.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды