305

Спорт министрі Шайдоровтың жалақысын неге жарияланғанын түсіндірді

Олимпиадаға дайындыққа 263 млн теңге бөлінген.

Спорт министрі Шайдоровтың жалақысын неге жарияланғанын түсіндірді
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровтың жалақысы мен Олимпиадаға дайындыққа кеткен шығындары туралы ведомствоның бұрын жариялаған мәліметіне қатысты пікір білдірді.

Министр брифингте бюджет қаражаттары жабық ақпарат емес екенін, барлық мәліметтердің азаматтарға қолжетімді екенін атап өтті:

— Бізде бюджет жасырын емес. Барлық ақпарат ашық және қолжетімді, — деді министр.

Оның айтуынша, қысқы Олимпиадаға барған делегацияның құрамын және сапарға бөлінген бюджет шығындарын жариялау заңдылыққа сай.

— Делегация құрамы тиісті бұйрықпен бекітіледі. Әр адамның халықаралық аренда спортшылармен жұмыс істеу кезінде нақты мақсаты болды. Артық адам болған жоқ, — деді Ербол Мырзабосынов.

Еске салсақ, бұған дейін Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияда өткен Олимпиадаға Михаил Шайдоровты дайындауға 2025 жылы 263 394 581 теңге бөлінгенін хабарлаған. Алайда спортшы өзінің жалақысы жария болуын құрметсіздік деп бағалаған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор