239

Қарағанды аумағында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Қорғаныс министрлігі әскери ұшақ құлағанын растады.

Қарағанды аумағында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады
Қорғаныс министрлігі

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін, 25 ақпанда жоспарлы оқу-жаттығу ұшуы кезінде көп мақсатты Су-30СМ жойғыш ұшағы Қарағанды облысында құлады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, экипаж дер кезінде катапульт жасап үлгерген. Екі ұшқыш та тірі, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында, өміріне қауіп жоқ.

Ұшақ құлаған аумақ толық қоршауға алынған. Тұрғындарға және инфрақұрылым нысандарына қауіп төнбегені хабарланды. Апаттың себептерін анықтау үшін ұшу қауіпсіздігі саласына жауапты департамент басшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия құрылған. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға берілмек.

Айта кетейік, бұл өңірде дәл осындай жағдай бұған дейін де тіркелген. 2021 жылы да Су-30СМ жойғыш ұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырап, экипаж катапульт жасаған болатын. Сол жолғы оқиғада ықтимал себеп ретінде құстармен соқтығысу нұсқасы аталған еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор