Астанада ер адам дүкеннен шоколадты ұрлап, көшеде сатып жіберген (ВИДЕО)
10 шоколадты шалбарына тығып шыққан ер адам қолға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана дүкеннен шоколадты шалбарына тығып алып шыққан ер адам көшеде сатып үлгерген.
Астанадағы дүкендердің бірінде шоколад ұрлығы тіркелді. Күдікті бейнебақылау камералары арқылы анықталған.
Қалалық Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам кассадан өтпей, шалбарының ішіне 10 дана шоколадты жасырып алып шыққан.
«Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Соның нәтижесінде полицейлер күдіктінің жеке басын жедел анықтады. Ер адам жауапкершілікке тартылды. Ұрланған тауардың бір бөлігін ол көшеде өтіп бара жатқан адамдарға сатып үлгерген», – деп хабарлады полиция.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші