271

Доллар қайтадан 500 теңгеден асып, теңге қысымға түсті

Валюта нарығында жаңа серпіліс пайда болды.

Доллар қайтадан 500 теңгеден асып, теңге қысымға түсті
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сейсенбі 25 ақпанда Қазақстанда АҚШ долларының биржалық бағамы үш аптадан кейін қайтадан 500 теңгелік межеден жоғары көтерілді.

Сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллардың орташа сараланған бағамы 501,26 теңгені құрады. Бір тәуліктегі өсім – небәрі 4 теңге.

Айта кетейік, үш апта бұрын доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсіп, осы уақыт аралығында аталған деңгейден аспаған. Алайда 489,17 теңгеге дейін арзандаған соң, валюта күрт қымбаттай бастады.

Қолма-қол нарықта да баға жоғарылады. Сағат 15:30-дағы мәлімет бойынша Kurs.kz порталы елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде мынадай бағамдарды көрсетті:

Астана
– сатып алу: 497 теңге
– сату: 504 теңге

Алматы
– сатып алу: 496–502,5 теңге
– сату: 502,8–506 теңге

Шымкент
– сатып алу: 500–502,5 теңге
– сату: 503–505 теңге

Еуро да қымбаттады. Биржада еуро бағамы бір тәулікте 5 теңгеден астам өсіп, сағат 15:30-да орташа сараланған көрсеткіш 592,04 теңгеге жетті.

Айырбастау пункттеріндегі қолма-қол еуро бағамы:

Астана
– сатып алу: 584 теңге
– сату: 594 теңге

Алматы
– сатып алу: 577–592 теңге
– сату: 590–600 теңге

Шымкент
– сатып алу: 585–590 теңге
– сату: 590–595 теңге

Бұған дейін сарапшылар теңгенің уақытша нығаюын салық аптасымен байланыстырған болатын. Компаниялар салық төлеу үшін шетел валютасын теңгеге айырбастап, нарықта ұсынысты арттырған.

Сонымен қатар жыл соңына қарай доллар бағамы 553 теңгеге дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Алайда сарапшылардың пікірінше, күрт девальвация күтілмейді.

Материал авторы