Нұрлан Сабыров Ресейге қайта оралатынын ашық айтты
Сабыров алдағы бағдарламаларын «суперпатриоттық» бағытта жасамақ.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынған стендап-комик Нұрлан Сабыров Ресейге қайта оралуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Ресейлік басылымның жазуынша, Сабыров бұл мәлімдемені Таиланд аумағындағы алғашқы концертінде жасаған. Әзілкеш сахнадан:
«Мен Ресейге қайта оралуды жоспарлап отырмын», – деді.
Оның бұл сөзі көрермендер залында қол шапалақпен қарсы алынды. Концерт Пхукет қаласында өткен.
Бұған дейін Сабыров алдағы уақытта өз өнерінде «суперпатриоттық» бағытқа басымдық беретінін айтқан болатын. Әзілкештің сөзінше, жаңа бағдарламаларында бұл тақырып ерекше көрініс табады.
Айта кетейік, бұған дейін ақпарат кеңістігінде Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге 50 жыл мерзімге шектеу қойылғаны хабарланған еді.
Материал авторы