15 млн теңге қарызы бар шымкенттік көлігінен айырылды
Жол ережесін бұзған жүргізушінің көлігі тәркіленді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласының патрульдік полициясы үлкен қарызы бар жүргізушіні анықтады. Жеке тұлғаның Hyundai Sonata көлігін уақытша айып тұрағына қойды.
Полицияның мәліметінше, жүргізуші жол ережесін бірнеше рет бұзған, сонымен қатар кредиттік және басқа да қаржылық міндеттемелерін орындамаған. Жалпы қарыз сомасы – 15 миллион теңге.
Автокөлікті анықтау кезінде «Қорғау» жүйесі пайдаланылды. Бұл жүйе сақтандыру полисі жоқ, айыппұл төлемеген немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі қолданылатын көліктерді тез анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда Hyundai Sonata айып тұрағында тұр, ал жүргізушінің қарыз мәселесі заң аясында шешілуде.
Материал авторы