«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғаяды

26.04.2023, 11:15
579
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғаяды smartnews.kz

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында берілетін бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы Сенаттың «Өңір» депутаттық тобының отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында несиенің ең жоғары мөлшері 1 500 айлық есептік көрсеткіш болса, енді оны ұлғайтуға қатысты іс-шара көзделіп отыр. Яғни, бюджеттік кредит көлемін 2 000-2500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал көтерме үстемақыны 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін 2 есе ұлғайту бойынша ұсыныстар жинау тапсырмасы берілді. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу құралдарының бірі «Ауыл ел - бесігі» жобасы болғанын атап өтті.

«Бұл жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Сол 2019-2022 жылдардың аралығында 1 031 ауылдық елді мекенде 3700-дей жоба іске асты. Жалпы, 326 млрд теңге қаржы игерілді. 2023-2025 жылдары бюджеттен трансферттерді қарау кезінде жыл сайын 102,2 млрд теңге бөлу қарастырылды», - деді Бауыржан Омарбеков.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады