«Человек в маске» 30 отбасыға 1 миллион долларлық баспана сыйлады (ВИДЕО)
Рамазан айында миллион доллар 30 отбасыны баспаналы етті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Человек в маске» атымен танымал жігіт Рамазан айында 30 отбасыға тұрғын үй сыйлады. Жалпы қаржылай қолдау сомасы – 1 миллион доллар.
Бейнежазбада адам маскамен сөйлеп, игі істер туралы айтты. Оның сөзінше, тұрғын үйге мұқтаж отбасыларға жаңа үйлер сатып алуға дәл осы сома бағытталған.
Жаңа баспананы алған отбасылардың әрқайсысы қиын жағдайдан шығып, өмірін жаңадан бастаудың мүмкіндігіне ие болды. Видеода адамдардың шынайы эмоциясы көрінеді: олар көз жасын тыя алмай, бір-бірін құшақтап, қайырымгерге алғыс айтады.
Бейне авторы сонымен қатар барлығын Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілек білдірген.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл акцияға белсенді реакция көрсетіп, алғыс сөздер жазды:
«Сіздің ісіңіз қуанышқа бөледі. Шын жүректен рахмет», «Жасаған ісіңізге алғыс. Жаратқан сіздерге разы болсын», «Көз жасымыз тек қуаныштан. Алла сізге разы болсын. Әрбір отбасыға баспана, денсаулық және жақын адамдар тілейміз»
Материал авторы