Ақтөбе облысында мектеп оқушысы жүкті боп қалды
Полиция оқиғаны қатаң бақылауға алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында жоғары сынып оқушысы жүктілігі анықталған. Полиция кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынас жасағаны бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқиға облыстың бір ауданындағы мектеп оқушысының өмірінде болған. Білім басқармасы мәліметінше, мектеп оқушысы қазіргі уақытта сабаққа қатыспайды. Ол тәрбиелі отбасынан шыққан, оқу үлгерімі жақсы болған.
Полиция департаменті кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасаған азаматқа қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Барлық шаралар заң шеңберінде жүргізіліп, зардап шеккеннің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалып отыр.
Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің жеке бақылауында.
Материал авторы