Шымкентте 7 жасар қызға мұғалімі тиіскен: Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр
Шымкенттегі даулы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Шымкент қаласында 7 жастағы оқушыға қатысты тіркелген оқиғаға байланысты ресми түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, қазір балаға міндетті психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға анықталған алғашқы күннен бастап аймақтағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқиға орнына барып, анамен тұрақты байланыста.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Комитет баланың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты – мемлекеттік органдар үшін абсолютті басымдық екенін атап өтті.
Комитет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі атынан 2024 жылдан бастап елімізде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрі үшін жауапкершілік едәуір қатаңдатылғанын еске салды. Физикалық та, психологиялық та қысым үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Әрбір осындай оқиға уәкілетті органдардың ерекше бақылауында болады, ал кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылады.
Еске салайық, бұған дейін Шымкент қаласында мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыға қатысты әдепке жат әрекеттер жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. Күдікті ұсталып, тергеу жалғасып жатыр.
Материал авторы