330

Павлодардағы колледжде оқыс жағдайдан кәмелетке толмаған студент жарақат алды

Оқиғаның себептері тергеу барысында анықталмақ.

Павлодардағы колледжде оқыс жағдайдан кәмелетке толмаған студент жарақат алды
Depositphotos.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Павлодар қаласындағы колледждердің бірінде оқыс жағдай тіркеліп, кәмелетке толмаған студент жарақат алған. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, студенттің жарақаты өз әрекетінің салдарынан болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы дереу жеткен.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірімге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілген. Тергеу үшін заттай дәлелдер алынды. Басқа зардап шеккендер туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор