299

Боливияда ақша тиеген әскери ұшақ апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты

Ұшақ жол үстіне құлап, ондаған көлік зақымданды.

Боливияда ақша тиеген әскери ұшақ апатқа ұшырап, 15 адам қаза тапты
AP Photo/Juan Karita

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Боливияда ақша тиеп келе жатқан әскери ұшақ апатқа ұшырап, кемінде 15 адам қаза тапты. Бұл туралы BBC жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, Боливияның әскери-әуе күштері-не тиесілі ұшақ Эль-Альто әуежайына қону кезінде басқарудан шығып, ұшу-қону жолағынан асып кеткен. Әуе кемесі жанындағы күре жолға шығып кетіп, бірнеше бөлікке бөлініп, өртенген. Апат орны Ла-Пас қаласына жақын аумақта орналасқан.

Жергілікті авиация қызметінің хабарлауынша, ұшақтың сынықтары тас жолмен өтіп бара жатқан көліктерге соғылған. Құтқару қызметтері экипаж мүшелерімен қатар жол үстіндегі азаматтардың да көз жұмғанын растады.

Жергілікті Unitel телеарнасының мәліметінше, әуе кемесі Боливияның орталық банкі тапсырысы бойынша жаңа басылып шыққан банкноттарды тасымалдап бара жатқан. Ұшақ құлағаннан кейін купюралар маңайға шашылып кеткен.

Оқиға орнына жиналған адамдар шашылған ақшаны жинауға тырысқан. Қоғамдық тәртіпті қалпына келтіру үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданған.

Кейін Боливия орталық банкінің басшысы Давид Эспиноса апатқа ұшыраған ұшақта болған барлық банкноттар жарамсыз деп танылғанын және айналымға жіберілмейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та АҚШ аумағындағы Флорида штатында гуманитарлық жүк тиеген ұшақ Ямайка еліне бағыт алған кезде тұрғын үй ауласына құлағаны хабарланған болатын.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор