449

Шымкентте әже жалған нөмірмен көлік жүргізгені үшін жазаланды

Сот әйелдің зейнеткер екенін және кінәсін мойындағанын ескерді.

Шымкентте әже жалған нөмірмен көлік жүргізгені үшін жазаланды
ЖИ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында зейнет жасындағы әйел жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен көлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

Істі Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған.

Сот материалдарына сәйкес, биыл қаңтар айында Шымкент қаласындағы Әл-Фараби көшесінде Chevrolet Nexia автокөлігі тоқтатылып, оны басқарған азаматша Д.-ның көлігінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі болғаны анықталған.

Сотта «құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, өз түсініктемесімен және жинақталған дәлелдермен толық расталғаны» көрсетілген. Сонымен қатар сот әйелдің кінәсін мойындауы, жасаған әрекетіне өкініш білдіруі және оның зейнеткер екені жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде бағаланған. Ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

Нәтижесінде сот азаматша Д.-ны жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор