1079

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен төлқұжаттар мен банк карталары тәркіленді

Тәркіленген құжаттар жоғалған отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін.

Индонезияда ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен төлқұжаттар мен банк карталары тәркіленді

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индонезия аумағында ұсталған Сұлтан Сәрсемалиевтен бірнеше төлқұжат, банк карталары, ұялы телефондар мен жеке басын куәландыратын құжаттар тәркіленді.

Алдын ала мәліметке сәйкес, алынған заттардың бір бөлігіЖангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін. Қазір құжаттар мен карталардың нақты иесі анықталып жатыр, сондай-ақ олардың Мирамгүл мен Наурыз есімдерімен байланысы бар-жоғы тексерілуде.

Еске салайық, отбасы жоғалғаннан кейін Наурыз мессенджерлер арқылы байланысқа шығып отырған. Хабарламаларында ол анасына шұғыл ем қажет екенін айтып, малды сатып, қаражатты Насип Үтешқалиеваатына рәсімделген банк картасына аударуды сұраған.

Әлеуметтік желілерде өзін «хакермін» деп таныстырған адамның мәліметтері де тарады. Оның айтуынша, Наурыздың телефоны белгілі бір уақыт аралығында Өзбекстан мен Индонезия аумағында тіркелген, ал көз жұмған әйелдің картасынан зейнетақы төлемдері алынған. Алайда бұл деректерге қатысты ресми растау жоқ.

Белгілі болғандай, Ақбаян және оның жұбайы Жангелдин ауылына 2–5 қараша аралығында барған. Әлеуметтік желілерде Индонезиядағы полиция бөлімшесінен түсірілген кадрлар жарияланды. Бейнематериалда Ақбаян жағдайға түсініктеме бермей, абдырап отырғаны байқалады.

Туыстары жоғалған отбасының тағдырына қатысты барлық мән-жай анықталады деп үміттенеді.

«Ақбаянның тірі табылғанына қуаныштымыз. Енді Сұлтан не болғанын айтып береді деп сенеміз. Шындық ашылады, Ақбаян тиісті көмекті алып, балаларына оралады деген үміттеміз», – деді туыстарының бірі.

Қазіргі таңда бес бала мемлекет қамқорлығына алынған. Оларға әжесі барып тұрады.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Сұлтан мен Ақбаянды Қазақстанға экстрадициялауға дайындау жұмыстары жүріп жатыр. Тергеу жалғасуда.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор