325

Астана әуежайында «бомба» деп қалжыңдаған «Қайрат» клубының дәрігері ұсталды

Суперкубоктан кейінгі сапар жанжалмен аяқталды.

Астана әуежайында «бомба» деп қалжыңдаған «Қайрат» клубының дәрігері ұсталды
instagram.com/dastan_turaliyev

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әуежайында рейске тіркеу және тексеру кезінде «бомба бар» деп қалжың айтқан жолаушы ұсталды.

Көлік полициясы департаментінің мәліметінше, оқиға 28 ақпанда АстанаАлматы бағыты бойынша ұшатын рейске тексеру кезінде болған. Қол жүгіндегі тыйым салынған заттар жөніндегі сұраққа жолаушы әзіл ретінде «бомбам бар» деп жауап берген.

Полиция бұл дерек бойынша ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік хаттама толтырған. Материал сотқа жолданады. Тексеру барысында жолаушының қол жүгінен және жеке заттарынан ешқандай тыйым салынған зат табылған жоқ.

Қалжыңы үшін ұсталған азамат – алматылық Қайрат футбол клубының дәрігері Дастан Тұралиев екені белгілі болды.

Оқиға команда Қазақстан Суперкубогы үшін өткен матчтан кейін Астанадан Алматыға ұшуға дайындалып жатқан сәтте тіркелген. Бұл ойында алматылық клуб Тобыл командасына қарсы алаңға шыққан.

Материал авторы