Түркістанда әйел адам екі баланы бірінен соң бірін қағып, қашып кеткен (ВИДЕО)
Түркістан облысында оқушыларды көлік басты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында екі мектеп оқушысы көлік астында қалып, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық тергеу басталды. Оқиға туралы 7 арнаның телеграм арнасы жариялады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға Түркістан облысы аумағындағы елді мекендердің бірінде болған. Changan маркалы автокөлікті басқарған әйел адам кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Алайда жол апаты мұнымен аяқталмаған. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан кетіп қалып, араға аз уақыт салып тағы бір баланы қағып өткен.
Оқиға салдарынан екі оқушы медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін балалардың бірі үйіне жіберілген, ал екінші баланың жағдайы нақтылау үстінде.
Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бейнебақылау камераларындағы жазбалар зерттелуде.
Тергеу нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Материал авторы