414

Ақмола облысында бүтін бір отбасы кісі қолынан қаза тапты

Полиция күдіктіні қамауға алды.

Ақмола облысында бүтін бір отбасы кісі қолынан қаза тапты
vse42.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында бір отбасы мүшелерінің өліміне байланысты ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға Жібек жолы ауылы аумағында болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттан кейін полиция күдіктіні жедел түрде ұстаған. Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті ресми хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Аршалы ауданындағы елді мекенде адам өлтіру дерегі бойынша күдікті «ізін суытпай» қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауында.

Құқық қорғау органдары істің мән-жайына байланысты өзге деректер тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейтінін мәлімдеді. Қаза тапқандардың нақты саны ресми түрде нақтыланған жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор