325

Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт 14 жасар қызды зорлаған

Мектеп оқушысына қатысты қылмыс дерегі бойынша іс қозғалды.

Ақтөбе облысында 25 жастағы жігіт 14 жасар қызды зорлаған
Shutterstock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Ақтөбе облысы аумағында 25 жастағы ер адам 14 жастағы мектеп оқушысына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады.

Ведомствоның хабарлауынша, күдікті оқиғадан кейін дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазір қылмыстық іс аясында барлық қажетті тергеу және процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Тараптардың уәждері тексеріліп, дәлелдемелер жиналып, жан-жақты талдануда.

Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап жатыр. Толық әрі объективті тергеу қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Сонымен қатар полиция өкілдері тергеу мүддесіне және жәбірленуші кәмелетке толмаған азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өзге мәліметтер жарияланбайтынын мәлімдеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор