346

Чилидегі мерекеде Димаштың әндері мен домбыра үні шырқалды (ФОТО)

Мәдени шараға Чилидің бірнеше қаласынан жанкүйерлер арнайы келген.

Чилидегі мерекеде Димаштың әндері мен домбыра үні шырқалды (ФОТО)
instagram.com/dimash.news

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Чилидің Вальдивия қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция өтті. Іс-шара Чилидің әр өңірінен жиналған жанкүйерлердің бастамасымен ұйымдастырылған. Бұл туралы DimashNews жазды.

Акция Вальдивия қаласының құрылғанына арналған дәстүрлі мерекелік апта аясында өткен. Биылғы фестивальге 60 мыңнан астам адам қатысып, қалаға Димаштың тыңдармандары Калама, Сантьяго, Винья-дель-Мар және өзге өңірлерден арнайы келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кейбір жанкүйерлер әншінің өнерін кеңінен таныстыру үшін жүздеген шақырым жол жүрген.

Қатты жауынға қарамастан, жанкүйерлер қаланың жағалау бөлігінде QR-коды бар ақпараттық материалдар таратып, акция қонақтарына Димаштың әндерін тыңдап, шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берген.

Музыкалық бағдарлама қалалық мейрамханалардың бірінде өтті. Чилилік әнші Pablo Romero кеш барысында Димаш репертуарындағы All by Myself, Mahabat Ber Magan, Adagio және S.O.S. композицияларын орындады.

Кеш қонақтарына ішекті ансамбль де өнер көрсетті. Сахнада скрипкада Isaac Ulloa, виолончельде Samuel Carreño, фортепианода Roberto Sánchez ойнап, Olimpico және The Love of Tired Swans шығармаларының аспаптық нұсқаларын ұсынды.

Сол кеште чилилік музыкант Andrea Luengo қазақтың домбырасында екі күй орындап, ұлттық аспаптың үні Вальдивия төрінде жаңғырды. Іс-шараға қатысушылардың айтуынша, кештің басты мақсаты – Чили жұртшылығын қазақстандық өнермен тереңірек таныстыру.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор