346

Шымкентте мерекеге орай аналарға 21 625 теңгеден беріледі

Әйелдерге біржолғы әлеуметтік көмек төленеді.

Шымкентте мерекеге орай аналарға 21 625 теңгеден беріледі
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Бұл қолдау шарасы қалада тұрақты тіркеуі бар 14 267 әйелді қамтиды.

Қалалық әкімдік мәліметінше, біржолғы төлем «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, «Батыр ана» атағы бар әйелдерге, сондай-ақ «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежесімен марапатталған аналарға тағайындалады.

Төлем алу үшін өтініш беру талап етілмейді. Алушылардың тізімі Азаматтарға арналған үкімет деректер базасы арқылы автоматты түрде қалыптастырылады.

Біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері – 5 АЕК, яғни 21 625 теңге. Қаражат жергілікті бюджет есебінен төленеді. Төлемді алу құқығы 2026 жылғы 8 наурыздағы жағдай бойынша Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі бар аналарға беріледі.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор