Ақтауда 79 жастағы әжейдің мәйіті пәтерден табылды
Жалғыз тұрған зейнеткердің өліміне қатысты тексеру басталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау қаласында көпқабатты үйдің пәтерінен зейнеткер әйелдің мәйіті табылды. Оқиға қаладағы 7-шағынауданда орналасқан үйлердің бірінде тіркелген.
Тұрғындардың айтуынша, № 27 үйде жалғыз тұратын әйел бірнеше күн бойы көрінбеген. Кейін кіреберісте жағымсыз иіс сезілген соң, көршілер күмәнданып, жедел қызметтерді шақырған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 наурыз күні шамамен сағат 16:00-де болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жеткен.
Маңғыстау облыстық ТЖД мамандары пәтерге терезе арқылы кіріп, құқық қорғау органдарына қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Тексеру барысында пәтер ішінен 79 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы