ЕАЭО елдерінен кредит алатын қазақстандықтардың несие тарихы тексеріледі

26.04.2023, 17:49
679
ЕАЭО елдерінен кредит алатын қазақстандықтардың несие тарихы тексеріледі smartnews.kz

Ендігі уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен кредит алғысы келген Қазақстан азаматтарының кредиттік тарихы тексеріліп барып беріледі. Аталған жаңашылдақ туралы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

 «Несие берер алдында банк алдымен клиенттің кредиттік тарихын тексереді. Бүгін Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіретін елдер арасында кредит бойынша мәліметтермен трансшекаралық алмасуға қатысты құжат қабылданды. Аталған құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында бірыңғай әрі сапалы кредит нарығын құруға оң ықпал етеді.

Мысалы, Қазақстан азаматы Ресей банкінен несие алуға өтініш береді. Сол арқылы клиент кредиттік тарихын тексеруге рұқсатын береді. Ресей банкі біздің Ұлттық кредит бюросына сауал жібереді, біздің бюро клиенттің кредиттік тарихын қарап, ол мәліметті Ресейге жібереді. Соның негізінде Ресей банкі несие беру немесе бас тартуға қатысты шешім қабылдайды», - деді Олжас Қизатов Jibek Joly телеарнасының мобильді студиясында берген сұхбатында.

Оның айтуынша, клиенттердің кредиттік тарихы «таза» болған сайын, оның несие алу мүмкіндігі артады.

«Клиенттердің кредиттік тарихы мәселесі жеке және заңды тұлғаларға да қатысты. Бұған дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында клиенттердің кредиттік тарихымен алмасу болмаған. Осы уақытқа дейін ЕАЭО-ға мүше елдерінен кредит алғысы келген азаматтардың өтінішіне қатысты шешімді сол елдің банкі тікелей өзі қабылдайтын. Енді кредиттік тарихын тексеру арқылы шешім шығаратын болады», - дейді агенттік басшысының орынбасары.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді