Рыбакинаның басты қарсыласы Арина Соболенко тұрмысқа шыққалы жатыр
Арина Соболенкоға бразилиялық кәсіпкер үйленуге ұсыныс жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко тұрмысқа шығуға келісім берді.
Беларусь теннисшісі бразилиялық кәсіпкер Георгиос Франгулистің некеге тұру туралы ұсынысын қабылдады. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Жарияланған видеода Франгулис тізерлеп тұрып, Соболенкеге ұсыныс жасап жатқан сәт көрінеді. Теннисші бейнежазбаға «Сен және мен. Мәңгіге» деп жазба қалдырған. Ұсыныс 3 наурыз күні жасалғаны нақтыланды.
Арина Соболенко мен Георгиос Франгулистің қарым-қатынасы өткен жылдың көктемінде белгілі болған еді.
Георгиос Франгулис – бразилиялық кәсіпкер, асаи жидегінен дайындалатын өнімдерге маманданған халықаралық Oakberry желісінің негізін қалаушы.
Материал авторы