426

Ресейде танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровпен дос болғаны үшін концерті өтпеуі мүмкін

Сабыровтың достары шетінен концертсіз қалып жатыр.

Ресейде танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровпен дос болғаны үшін концерті өтпеуі мүмкін
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ресейлік әзілкеш Денис Дорохов қазақстандық әріптесі Нұрлан Сабыровпен байланысын үзбегенін ашық айтқаннан кейін, оның өзі де «отмена» қаупіне ілікті.

Бұл мәлімдеме Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болған тұста айтылды. Дорохов журналистердің «әріптесіңізбен әлі де араласасыз ба?» деген тікелей сұрағына қысқа ғана «Иә, сөйлесіп тұрамыз» деп жауап берген.

Сөз Новое радио ұйымдастырған марапаттау рәсімінің қызыл кілемінде айтылған. Сол сәттен кейін әлеуметтік желілерде резонанс күшейіп, ресейлік шоу-бизнесте «қара тізімге» түскен әртістерді қолдағандарға қысым артуы мүмкін деген пікірлер тарады.

Атап айтқанда, танымал Что было дальше? жобасына қатысқан әзілкештердің айналасындағы жағдай ушығып барады. Жуырда Сабыровтың жақын досы саналатын Алексей Щербаков концертілерінің тоқтатылғаны хабарланған.

Сарапшылардың айтуынша, Дорохов үшін де досына адалдық эфир уақытынан, ірі жарнамалық келісімшарттардан айырылуға әкелуі мүмкін.

БАҚ мәліметінше, Сабыровқа Ресейге ұзақ мерзімге тыйым салынуына арнайы әскери операцияны сынағаны, сондай-ақ көші-қон және салық талаптарына қатысты күмәнді жағдайлар себеп болуы ықтимал. Әзірге бұл айыптауларға комик ресми түсініктеме берген жоқ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор