Павлодарда зорлау ісінде жауабын өзгерткен қыз 5 жылға сотталды

05.03.2026, 10:07
228
Павлодарда зорлау ісінде жауабын өзгерткен қыз 5 жылға сотталды Igor Vershinsky / iStock

Сот жалған айғақ берген қызды жазалады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодарда зорлау дерегі бойынша бұрын жәбірленуші ретінде танылған қызға қатысты сот үкімі шықты. Кейін тергеу мен сот барысында берген жауабын өзгертіп, жалған айғақ айтқаны үшін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот материалдарына сәйкес, 2025 жылдың мамыр айында 22 жастағы қыз бен 35 жастағы ер адам бір пәтерде болған. Тергеу органдары ер адам қыздың келісімінсіз жақындыққа мәжбүрлеген деген қорытындыға келген.

Аталған іс 2025 жылғы қазан айында Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып, айыпталушыға қатысты үкім шыққан.

Сот үкімін жариялаған судья Өрнек Әбжапаров Қылмыстық кодекстің 58-бабы 3-бөлігіне сәйкес, бірнеше қылмыс бойынша жазалар ішінара қосылып, ер адам 5 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.

Алайда негізгі іс қаралып жатқан сот отырысы кезінде жәбірленуші бастапқы жауабынан бас тартып, жақындық өзара келісіммен болғанын айтқан.

Соған қарамастан, сот жиналған дәлелдемелер мен куәліктер зорлау дерегін растады деген қорытындыға келді.

Кейіннен қыздың әрекетіне бөлек құқықтық баға беріліп, жалған айғақ беру фактісі бойынша жаңа қылмыстық іс қозғалды. Ол сотта өз сөзін ер адамның таныстары мен туыстары тарапынан қысым көргеннен кейін өзгерткенін түсіндірген.

Нәтижесінде сот оны жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп танып, 5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды